Публикации » Жүктілік және босану бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық парағын және анықтамасын қалай және кім береді?
Жүктілік және босану бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық парағын және анықтамасын қалай және кім береді?

Жүктілік және босану бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық парағын және анықтамасын қалай және кім береді?

Жүктілігі және босануы бойынша еңбекке жарамсыздық парағын медицина қызметкері – акушер-гинеколог дәрігер табыстайды. Егер мұндай дәрігер жоқ болған жағдайда, дәрігер бөлімше меңгерушісімен бірлесіп береді.

Қалыпты босану кезінде:

* Еңбекке жарамсыздық парағы жүктіліктің отыз аптасынан бастап ұзақтығы 126 күнтізбелік күн мерзіміне дейін беріледі (босануға дейін 70 және одан кейін 56 күнге дейін)

* Ядролық сынақтардың әсеріне ұшыраған аумақтарда тұратын әйелдерге еңбекке жарамсыздық парағы 27 аптадан бастап, 170 күнтізбелік күн (босануға дейін 91 және босанғаннан кейін 79)беріледі

Қиын босанған, сондай-ақ екі және одан да көп бала туған кезде:

* Еңбекке жарамсыздық парағы бақылау орны бойынша қосымша 14 к / күнге ұзартылады (негіздеме: перзентханадан үзінді көшірме керек болады). Босанғанға дейінгі және босанғаннан кейінгі демалыстардың жалпы ұзақтығы-140 к/күн (босанғанға дейін 70 және босанғаннан кейін 70 күн есептеледі).

* Ядролық сынақтардың әсеріне ұшыраған аумақтарда тұратын әйелдердің еңбекке жарамсыздық парағы қосымша 14 күнтізбелік күнге ұзартылады, босанғанға дейінгі және босанғаннан кейінгі демалыстардың жалпы ұзақтығы 184 күнтізбелік күнді құрайды (босанғаннан кейін 91 к/күн мен 93 к / күн есептеледі).;

Егер босану жүктіліктің 22-29 апта аралығында болса:

* Және жаңа туған баланың (салмағы 500 грамм), сондай-ақ өмірге келгеніне 7 күннен асса, әйелге босанғаннан кейін 70 күнтізбелік күн ішінде ауру демалысы беріледі.

* Өлі ұрық немесе бала (салмағы 500 грамм) дүниеге келіп, 7 күн ішінде шетінеп кетсе, әйелге босанғаннан кейін 56 к/күн ішінде аурухана парағы беріледі;

* ядролық сынақтардың әсеріне ұшыраған аумақтарда тұратын әйелдерге бала туғанда (салмағы 500 граммнан бастап) 7 тәуліктен астам өмір сүрген кезде еңбекке жарамсыздық парағы босанғаннан кейін 93 күнтізбелік күнге беріледі.

* Ядролық сынақтардың әсеріне ұшыраған аумақтарда тұратын әйелдерге өлі шарана немесе 7 тәулікке дейін шетінеген бала (салмағы 500 грамнан бастап) туған кезде еңбекке жарамсыздық парағы босанғаннан кейін 79 күнтізбелік күнге беріледі;

Егер әйел жүктілік кезінде еңбекке жарамсыздық парағын алуға өтініш білдірсе, онда оның демалысы (босанғанға дейін + босанғаннан кейін) есептеледі және босанғанға дейін нақты пайдаланған күндерінің санына қарамастан толық беріледі.

Егер әйел босанғаннан кейін еңбекке жарамсыздық парағын алуға өтініш білдірсе, онда оған тек сәйкесінше босанғаннан кейінгі демалыс беріледі.

Егер әйел босану кезінде қайтыс болса (немесе босанғаннан кейінгі кезеңде, 6-8 аптада), жаңа туған нәрестеге қамқорлық жасайтын адамға ауру демалысы беріледі.

Егер әйелге жүктілікті жасанды үзу бойынша операция жасалған немесе асқынған жағдайда дәрігердің шешімі бойынша беріледі.

Егер түсік тасталса (өздігінен түсік түсіру), әйелге еңбекке уақытша жарамсыздықтың барлық кезеңіне еңбекке жарамсыздық парағы беріледі (дәрігердің шешімі бойынша);

Егер әйелге эмбрионды ауыстырып салу бойынша операция жүргізілсе, еңбекке жарамсыздық парағы эмбрионды ауыстырып қондырған күннен бастап жүктіліктің анықталу фактісіне дейін беріледі. Оны операция жасаған медициналық ұйым береді.

Егер жаңа туған баланы (балаларды) перзентханадан асырап алса (немесе қараса), онда баланың туған күнінен бастап 56 к/күнге дейін еңбекке жарамсыздық парағы беріледі

Егер баланы суррогат ана босандырса, бұл жағдайда биологиялық анаға баланың туған күнінен бастап 56 к/күн мерзімге еңбекке жарамсыздық парағы (перзентханада) беріледі

 

Егер әйел демалыста болса (мысалы, ауруына, баланың күтіміне байланысты) сондай-ақ ауру демалысын алуға өтініш білдірсе, дәрігер әйелдің жағдайында қарастырылған барлық күндерге беруге міндетті. Мысалы, қалыпты босану кезінде-126 күнтізбелік күнге дейін ауру демалысын бере алады.

Все права сохранены © ШЖҚ Текелі қ. қалалық ауруханасы КМК

Перепубликация материалов возможна только с устного или письменного разрешения администрации сайта!