Публикации » 2021 жылғы 9 қыркүйекте ШЖҚ Текелі қалалық ауруханасы МКК ында аурухана мамандарымен контрацепция күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Аталған іс-шараның басты мақсаты қала тұрғындарын репродуктивті денсаулық мәселесіне тарту, отбасы институтының рөлін а

2021 жылғы 9 қыркүйекте ШЖҚ "Текелі қалалық ауруханасы" МКК-ында аурухана мамандарымен контрацепция күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Аталған іс-шараның басты мақсаты қала тұрғындарын репродуктивті денсаулық мәселесіне тарту, отбасы институтының рөлін арттыру болды.
Гинеколог- дәрігердің жұмысында көптеген әйелдер үшін, тіпті дәрігерге ешқандай шағымсыз кәсіби тексеруге келгендер үшін де өзекті мәселелер бар. Мысалы, контрацепция (жүктіліктен сақтану) және отбасын жоспарлау мәселелері. Мамандар әр әйел жүктілік санын, олардың арасындағы алшақтықты және әр жүктіліктің басталу уақытын жоспарлауы қажет екендігіне күмәнсіз. Сондай-ақ, әрбір әйел контрацепция әдісіне жауапкершілікпен қарауы қажет.
Гинеколог-дәрігерлер Г.Б.Сәрсенбаева, Н.А.Байматова және әйелдер консультациясының акушерлері пациенттерді қабылдау кестесіне сәйкес бедеулік, жүктілікке дейінгі предгравидарлы дайындық, контрацепция құралдары мен әдістерін таңдау мәселелері бойынша консультациялар өткізеді. Бұл мәселе босануға дайындық мектебінде көтеріледі, өйткені әр әйел босанғаннан кейінгі 40-шы күні контрацепция әдісін анықтауы керек.
Психолог А.И. Целищева және СӨС медбикесі С.Б.Жұмақан "Ашық есік күні" іс-шарасын өткізіп, Текелі қалалық ауруханасының емделушілеріне контрацепция әдістері туралы ақпарат берді. Тақырып бойынша брошюралар мен презервативтер үлестірілді. Жүкті әйелдердің, мектептердегі жоғары сынып оқушыларының чаттары бойынша ақпараттық материалдар таратылды.
Психолог О. А. Тапбергенова мектептерде жасөспірімдердің жүктілігінің алдын алу жөнінде дәрістер өткізді.
Жүктіліктен сақтанудың дұрыс әдісін таңдау-бұл сіздің қалауыңызға ғана емес, медициналық көрсеткіштерге де байланысты шешім. Біздің емханаға хабарласып, сіз гинеколог-дəрігерлерден кеңес ала аласыз, олар сіз үшін жүктіліктен сақтанудың оңтайлы әдісін таңдауда көмек береді. Сондай-ақ, біздегі әйелдер кеңесінен сіз кез-келген жүктіліктен сақтану құралын ТЕГІН ала аласыз. Бізде әр түрлі жастағы қыздар мен әйелдерге арналған ҚОК (құрама оралды контрацепция), емізетін аналарға арналған таза прогестиндер, презервативтер және жатырішілік спиральдар бар.

Рейтинг

Тағыда мәлімет