Публикации » Бронх демікпесі – бұл қабыну, ісіну және қақырық пайда болу салдарынан дұрыс тыныс алуға кедергі келтіретін, соның нәтижесінде өкпеге апаратын тыныс алу жолдарын тарылтатын күрделі ауру болып табылады

Бронх демікпесі – бұл қабыну, ісіну және қақырық пайда болу салдарынан дұрыс тыныс алуға кедергі келтіретін, соның нәтижесінде өкпеге апаратын тыныс алу жолдарын тарылтатын күрделі ауру болып табылады

30 мамыр—Дүниежүзілік астма және аллергияға қарсы күрес күні

 

 

«Бронх демікпесі – бұл қабыну, ісіну және қақырық пайда болу салдарынан дұрыс тыныс алуға кедергі келтіретін, соның нәтижесінде өкпеге апаратын тыныс алу жолдарын тарылтатын күрделі ауру болып табылады».
Бронх демікпесінің алдын алу.
Бронх демікпесі созылмалы ауру екендігіне қарамастан, оны толығымен бақылауда ұстауға болады. Демікпені жақсы бақылау сізге ауру белгілерін жойып, асқынулардың пайда болу қаупін төмендетіп қана қоймай, өмір сапасын жақсартуға және қалаған нәрсеңізді істеуге мүмкіндік береді.
Аурудың алдын алу үшін ҚДСҰО ИЕААД мамандарының беретін кеңестері:
– ұстамаларды тоқтату үшін өзіңізбен бірге үнемі ингаляторды алып жүріңіз,
– басталып келе жатқан ұстама белгілерін біліп, оны тоқтатуды үйреніңіз,
– ауру қоздыратын факторлардан аулақ болыңыз,
– міндетті түрде дәрігердің ем бойынша берген кеңестерін орындаңыз,
– жағдайыңыз жақсы болса да дәрігерге жылына кемінде 2 рет барыңыз,
– үйде тазалық сақтаңыз және кез-келген аллергендерді жойыңыз: шаң-тозаң, жануарлардың жүні, атауыз және т.б.
– темекі түтінінен, газ түтінінен аулақ жүріңіз. Шылым шегетін болсаңыз, оны тастаңыз.
– ұстамалар жиілігін қысқарту үшін барлық тағайындалған препараттарды қабылдаңыз.
– жүрек пен өкпе жағдайын жақсарту үшін спортпен шұғылданыңыз.
Өзіңізді күтіңіз және ауырмаңыз!

Дереккөз: Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы

Рейтинг

Тағыда мәлімет