Публикации » Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні 2021

Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні

Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні

ЖИТС (жұқтырылған иммунтапшылығының синдромы) - адамның иммунтапшылығы вирусынан туындаған ауру. Бұл жыл сайын науқастар саны артып келе жатқан, өлімге әкелетін және, өкінішке орай, емделмейтін ауру,.

Дүниежүзілік ЖИТС -ке қарсы күрес күні 1 желтоқсанда атап өтіледі және бүкіл әлемдегі адамдарға АИТВ-ға (адамның иммунтапшылық вирусының инфекциясы) қарсы күресте бірігуге және осы инфекциямен өмір сүретін адамдарға қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.

15 қарашадан бастап Қазақстанда ақпараттық-ағарту акциясы басталды. Оның міндеттері:
* АИТВ/ЖИТС проблемасына назар аудару;
* әр адамның АИТВ-ның берілу жолдары, жұқтырудан қорғану шаралары, диагностика әдістері туралы толыққанды және жетік, сенімді ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету;
* жұқтырған және ауру адамдарға қатысты дискриминация (шеттету, мүмкіндіктерін шектеу) мен стигматизацияны (тұлғаны құнсыздандыру) болдырмау.

Бүгін, 22 желтоқсанда осы акция шеңберінде Текелі қалалық ауруханасының СӨС кабинетінің ЖДО мамандарымен №6 орта мектеп оқушыларына арналған тренинг өткізілді. Тренинг барысында балалар АИТВ/ЖИТС туралы, АИТВ тек қан мен емшек сүті арқылы берілетіні және құшақтау, қол алысу, бірлесіп тамақтану, бассейнге бару, жәндіктердің шағуы кезінде берілмейтіні жөнінде ақпарат алды. АИТВ жұқтырған адамдар біздің көмегіміз бен қолдауымызға қаншалықты мұқтаж екендігі жайында айтылды. Сондай-ақ, тренингке қатысушылар АИТВ-ға талдау тапсыруға және құпиялықты сақтай отырып, тегін, жасырын түрде дәрігердің кеңесін алуға болатынын білді.

Сонымен қатар, балаларға жастар денсаулық орталығы мамандарының байланыс телефондары берілді.

 
Рейтинг

Тағыда мәлімет