Публикации » N 6 орта мектептің 6-11 сынып оқушыларының ата-аналарымен өткізілген дөңгелек үстел

N 6 орта мектептің 6-11 сынып оқушыларының ата-аналарымен өткізілген дөңгелек үстел

N 6 орта мектептің 6-11 сынып оқушыларының ата-аналарымен өткізілген дөңгелек үстел
Электронды темекі: пайдасы немесе зияны.
Қазіргі әлемде көптеген қызықты және бір қарағанда пайдалы өнертабыс түрлері ойластырылған. Солардың бірі-электронды темекі.
Жарнамаға сәйкес, электронды темекі шегу арылуға көмектеседі және мүлдем зиянсыз. Осы себептен электронды темекі жасөспірімдер ортасында кеңінен таралуда.
Дегенмен электронды темекінің қауіпсіздігі туралы аңыздар шындыққа жанаспайды. Өйткені электронды темекі-бұл никотин, бояғыштар мен хош иісті қоспалары бар жоғары дисперсті сұйықтықпен толтырылған құрылғы. Темекінің ішіндегі бу түріндегі сұйықтық тыныс алу жүйесіне дереу еніп, соңынан қанға сіңеді де, кейін орталық жүйке жүйесіне түсіп, әдеттегі темекі тәрізді тәуелділік пен улануды тудырады.
Никотин нейротоксиндер мен алкалоидтар түріне жатады. Сонымен қатар хош иісті заттар да улы әсерге ие. Мысалы, нитрозамин, диэтиленгликоль, формальдегид, ацетальдегидтер – қатерлі ісіктің пайда болуына әсер ететін заттек (канцероген) болып табылатын және ақыл-ойдың кемістігін тудыратын улы заттар.
2021 жылдың 18 қазанында N 6 орта мектеп әкімшілігінің сұранысы бойынша Текелі қалалық ауруханасының жастар денсаулық орталығының қызметкерлері ата-аналармен дөңгелек үстел өткізді.
Ашық, сенімді әңгіме барысында ата-аналар электронды темекі мен шайнайтын никотин қоспаларының жасөспірімдер денсаулығына кері әсері туралы нақты ақпараттандырылып, өздерін қызықтыратын көптеген сұрақтарға жауап алды, сондай-ақ оларға жастар денсаулық орталығы мен оның мамандарының байланыс телефондары жөнінде мәлімет берілді.

Рейтинг

Тағыда мәлімет