Публикации » Онлайн-конференция Ерте жүктіліктің алдын алу

Онлайн-конференция  Ерте жүктіліктің алдын алу

Онлайн-конференция

Ерте жүктіліктің алдын алу

 

Халықтың, әсіресе жасөспірімдер мен жастардың репродуктивті  (ұрпақты болу) денсаулығын қорғау мәселесі Қазақстан үшін де, бүкіл әлемдік қоғамдастық үшін де ерекше маңызға ие болып отыр. Жастар денсаулығының әлеуметтік маңыздылығы дәл олардың өзі репродуктивті, зияткерлік, экономикалық, әлеуметтік және мәдени әлеует болып табылатындығымен байланысты.

 

Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында жасөспірімдердің келесі құқығы бар екендігі хабарланады:

* репродуктивті денсаулық және оның құрамдастары туралы хабардар болу;

* контрацепцияның тиімді және қауіпсіз құралдары мен әдістеріне қол жеткізу.

 

Ұрпақ жаңғырту қызметі және контрацепция туралы білімнің болмауы ерте қалаусыз жүктіліктің жоғары қаупін тудырады, оның салдары түсік түсіру, босанудың сәтсіз аяқталуы және жалпы репродуктивті денсаулықтың нашарлауына әкеледі.

Сондықтан Жастар денсаулық орталығы мен СӨС кабинетінің мамандары репродуктивті денсаулықты қорғау тұрғысынан қала жастары арасында тұрақты ақпараттық-ағарту жұмыстарын жүргізеді.

2021 жылғы  28 қазанда Текелі кәсіптік колледжінің студент қыздарымен және Рудничный кентінің жасөспірім қыздарымен ерте жүктіліктің алдын алу жөнінде онлайн-конференция өткізілді.

Ашық, сенімді әңгіме барысында қыздар ұрпақ жаңғырту қызметі, ерте жүктіліктің алдын алу, контрацепцияның тиімді құралдары мен әдістері туралы толық ақпарат алды. Сондай-ақ, оларға репродуктивті денсаулық мәселелері бойынша хабарласуға болатын мамандардың байланыс телефондары берілді.

Рейтинг

Тағыда мәлімет