
11-14 мамыр аралығында ШЖҚ «Текелі қалалық ауруханасы» МКК-да Отбасы күні қарсаңында «Отбасын жоспарлау» мәселелері бойынша Ашық есік күндері өтуде.
Ана мен бала денсаулығын қорғау денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Отбасын жоспарлау қажетті жүктілікке дайындықты, бедеулік жұптарды тексеруді және емдеуді, контрацепцияны, қажетсіз жүктілікті тоқтатуды қамтиды. Бастапқы буын мамандарының (терапевт, акушер – гинеколог және басқа мамандар) барынша түсікалды кеңес берумен қамтылуына қол жеткізу, әйелдерді диспансерлеу және сауықтыру, ұрпақты болу жүйесі ауруларының алдын алу бойынша, әсіресе жастар арасында жұмысты ынталандыру үшін тығыз өзара іс-қимылы қажет.
Бұл күндері директордың ана мен баланы қорғау жөніндегі орынбасары Е.В. Успанова, отбасын жоспарлау акушері Г. Ш. Майлянова, психолог А. И. Целишева және СӨС кабинетінің медбикесі С. Б. Жұмақан бастаған емхана қызметкерлері «Дені сау отбасы - дені сау ел» акциясын өткізді. Тақырып бойынша брошюралар, буклеттер, контрацепция құралдары таратылды. ШЖҚ «Текелі қалалық ауруханасы» МКК мамандарымен Текелі қаласы тұрғындарының репродуктивті денсаулығы жөнінде қосымша қабылдау ұйымдастырылды.
12 мамырда осы акция аясында ШЖҚ «Текелі қалалық ауруханасы» МКК мамандары,СӨС кабинетінің дәрігері Гулина Айқынқызы, отбасын жоспарлау кабинетінің акушері Майлянова және психолог А.И. Целищева мектеп оқушыларымен ұрпақты болу денсаулығы, жасөспірімдердің жүктілігі мен жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу жөнінде сабақтар өткізді. Тақырыптар бойынша буклеттер таратылды. Балаларға жастар орталығы мамандарының телефондары таратылды.
Жүкті әйелдермен жұмыста 44 жылдық тәжірибесі бар отбасын жоспарлау кабинетінің акушері К.Ш. Малянова қатысушыларды Қазақстан Республикасындағы демографиялық жағдай бойынша статистикалық деректермен таныстырды. Ол жүктілік арасындағы аралықты реттеу қажеттілігі, балалардың қажетті санының туылуы, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар, отбасын жоспарлау жүйесіндегі контрацепцияның заманауи әдістері туралы айтты. Кабинеттің мақсаты және міндеттері, әйелдер консультациясында жүктілерге және олардың жақын туыстарына кешенді - психологиялық көмек көрсету жөнінде мәліметтермен таныстырды.
Әйелдердің ана болудың әлеуметтік және медициналық аспектілері, ұрпақты болу денсаулығын сақтау және нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері бойынша ақпараттық сауаттылық деңгейін арттыру үшін «Бала туатын жастағы әйелдердің созылмалы ауруларының алдын алу және емдеу», «Медициналық ұйымдарда ұрпақты болу денсаулығын қорғау» тақырыптарында ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.