Публикации » Репродуктивті денсаулықты қорғау

Репродуктивті денсаулықты қорғау

Репродуктивті денсаулықты қорғау

Жалпы халықтың денсаулығын, атап айтқанда репродуктивті денсаулықты қорғау біздің мемлекетіміздегі басым бағыт болып табылады. Қазақстанда адами және мәдени құндылықтардың сенімді әлеуеті болып табылатын отбасына өте маңызды орын беріледі. Өйткені, репродуктивті денсаулық-бұл жеке алынған ерлер мен әйелдердің денсаулығы ғана емес, сонымен қатар әрбір отбасының денсаулығы, ұлттың денсаулығы және салауатты тектік қоры болып табылады. Қазақстан Республикасының Конституциясында: «Неке мен отбасы, ана, әке және бала - мемлекеттің қорғауында» делінген.

Текелі қалалық ауруханасының мамандары репродуктивті денсаулықты қорғау тұрғысында тұрақты жұмыс жүргізуде.

09.09.21ж. Текелі қалалық ауруханасының ЖДО мамандары акушер-гинеколог Н. А.Байматаева мен психолог О. А. Тапбергенова санитарлық-эпидемиялық нормаларды сақтай отырып, Текелі кәсіптік колледжінің студенттерімен 2 семинар-тренинг өткізді.

Ашық, сенімді әңгіме барысында студенттер ұрпақ жаңғырту қызметі, репродуктивті денсаулыққа теріс әсер ететін факторлар, ЖЖБИ-дің алдын алу, отбасын жоспарлау және ерте жүктіліктің алдын алу жөнінде толық ақпарат алды.

Сондай-ақ, мамандар жастарды қызықтыратын барлық сұрақтарға жауап берді. Мысалы, келесідей:

- жыныстық жолмен берілетін инфекциялардан қалай сақтануға болады?

- ЖЖБИ жұқтырған кезде қандай дәрігерге жүгінуге болады?

- жедел контрацепцияға арналған препараттарды қаншалықты жиі қолдануға болады?

- жүктілікті үзу үшін дәрігердің тағайындауынсыз медициналық препараттарды қолдануға бола ма?

- медициналық аборт қандай салдарға әкеледі?

және т. б.

 

Сондай-ақ, Текелі қалалық ауруханасының жастар денсаулық орталығы туралы ақпарат берілді, репродуктивті денсаулық мәселелері бойынша жүгінуге болатын мамандардың байланыс телефондары берілді.

Рейтинг

Тағыда мәлімет