1937 жыл. Полиметалл кен орны ашылғаннан кейін болашақ Текелі қаласының тау-кен өндірісі мен денсаулық сақтау саласы дами бастады. Барлық жабдықтар тақталардан жасалған: үстел, тақтай төсек, отырғыштар. Пісектер примуста қайнатылды. Алғашқы медбикелер Евдокимова Е.И., Осадчая Н.Н., Полникова Н. И. осындай ауыр жағдайларда еңбек етті.
1938 жыл. Кенішке алғашқы дәрігер, соңынан тұңғыш бас дәрігер Рубилина -Бек Э.Э. келеді. Кейіннен ол қаланың туберкулезге қарсы қызметін басқарады. Аспирантураны бітіргеннен кейін Элеонора Эмильевна кандидаттық, содан кейін докторлық диссертациясын қорғайды. Хирургиялық көмекке хирург - дәрігер С.С. Нисембаумжетекшілік етеді, Рубилина-Бектің басшылығымен 5 төсектік, соңынан 10 төсектік стационар ашылады.
1950 жыл. Рудничный кентінің ауруханасына Одесса медициналық институтын бітірген және Текелі қаласында 2000 жылға дейін жұмыс істеген дәрігер Милштейн М.К. және педиатр дәрігер Штилькинд Э. А. келеді. Милштейн М. К. хирургиялық бөлімше меңгерушісі эстафетасын Г. Х. Полледен қабылдаған қаланың жетекші хирург дәрігері. Милштейн М. К. ҰОС қатысушы, жауынгерлік ордендермен және медальдармен марапатталған, Денсаулық сақтау саласының үздігі, қаланың құрметті азаматы. Педиатр дәрігер Штилькинд Э. А. алғашқы күннен бастап 2000 жылға дейін қаланың педиатриялық қызметін дамытуға бірталай күш-жігерін жұмсады. 2000 жылы қала халқының денсаулығын қорғаудағы қосқан зор үлесіне "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталды.
1952 жыл. Қалалық денсаулық сақтау бөлімі құрылды. Алғашқы меңгеруші болып хирург дәрігер В. Д. Ходов, соңынан Ф. Г. Абдурашидова тағайындалды.
1953 жыл. № 1 МСБ келесі құрамда ашылады: перзентхана, хирургия бөлімі, терапия бөлімі. № 1 МСБ алғашқы бас дәрігері – Стрелкова Валентина Ивановна – хирург дәрігер, Қазақ ССР еңбек сіңірген дәрігері. Терапиялық қызметті Парамонова Ольга Борисовна басқарады. Сонымен қатар Нисембаум С.С. басшылығымен 1 кордонда № 2 МСБ пайдалануға берілді. Кен өндіру әзірлемелерінің артуына байланысты 1952 жылы Текелі кеніші мен Көк-Су кенішінде кенді қайта өңдеу жөнінде ҚМК қызметі қатарға енгізілді. Халық санының өсуі байқалады, яғни қала тұрғындарына мамандандырылған медициналық көмекті кеңейту қажеттілігі арта түсті.
1956 жыл. № 1 МСБ негізінде туберкулез ауруханасы ашылды, онда Э. Э. Рубиллина-Бектің қол астында тамаша фтизиатр-дәрігерлер Абдурашидова Ф. Г., Фоменко А. А., Рудковская З. С. жұмыс істейді. Аға медбике - Ткачева Е.И.
1958 жыл. Бірінші кордонда 250 келімге арналған емхана салына бастайды. Емхана меңгерушісі – Волчановская Л. С., Денсаулық сақтау саласының үздігі, "Еңбек Қызыл Ту" орденінің кавалері.
1961 жыл. Бірінші кордонда 50 төсектік мамандандырылған балалар ауруханасы салынды. Бас дәрігер - Машковская П.Е., денсаулық сақтау үздігі. Дәрігерлер: Штилькинд Э.А., Гурвич Н. М., Балан Н. М., Попова В. Г., Ким О. Х., Куприянова М. К., Сидехменов А. В. 60 төсектік наркологиялық бөлімше ашылды. Бас дәрігер: Құрмашев Б. Х. 500 келімге арналған жаңа емхана іске қосылды. Емхана меңгерушісі - Волчановская Л. С. Қалада жанындағы сауығу орындарымен өнеркәсіп кәсіпорындары дами бастайды: Қорғасын-мырыш комбинатында (ҚМК) кеніш пен кен-байыту фабрикасы жұмысшыларының арасында өндірістік жарақаттануды және кәсіби ауруларды айтарлықтай төмендететін медициналық қызмет құрылды. Алғашқы цех дәрігерлері: Тузельбаева М. А. Егембердиева. Кеніш пен ҚМК жұмысшыларын сауықтыру үшін жаңа санаторий-профилакторий іске қосылды. Бас дәрігер: Кобзева С. В..
1970 жылдан 1984 жылға дейін. Қалалық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі - Мачихелян В. Д. хирург дәрігер , Денсаулық сақтау саласының үздігі, «Еңбек Қызыл Ту», «Халықтар Достығы» ордендерімен марапатталды. ГЭС кентінің ауданында келесі құрамда аурухана қалашығы іске қосылды: емхана, хирургия бөлімшесі, босандыру бөлімшесі, инфекциялық бөлімше, терапиялық бөлімше, балалар бөлімшесі.
1984 жылдан 1992 жылға дейін. Орталық қалалық аурухананың бас дәрігері - А. К. Найман.
1992 жылдан 2010 жылдын 9 наурызна дейін. Бас дәрігер - Кан Олег Станиславович, жоғары санатты уролог дәрігер. 2001 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне -10 жыл» мерейтойлық медалімен және "Денсаулық сақтау ісінің үздігіне" төсбелгісімен марапатталған. Қалалық мәслихаттың I-ІІ шақырылымының депутаты, Қазақстан Республикасының дәрігерлері мен провизорларының II съезінің делегаты, «ОТАН»партиясының қалалық ұйымы Саяси кеңесінің мүшесі. Корей орталығының төрағасы. Бас дәрігердің орынбасарлары: Төлеуханова Ләйлә Омарханқызы-ана мен баланы қорғау жөніндегі бас дәрігердің орынбасары, Егембердиева Майра Әбдіхалыққызы-бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Денсаулық жылы» деп жарияланған 2002 жылы Алматы облысы әкімінің шешімімен «Текелі қаласының қалалық ауруханасы» МҚК жылдың үздік ауруханасы болып танылды.
1996 жыл. Құрамында балалар ауруханасы, туберкулезге қарсы аурухана, наркологиялық диспансер, емхана, 6 бөлімшеге арналған стационарымен 515 төсек-орын қоры құрылды.
2010 жыл. 9 наурыз. Текелі қалалық ауруханасының бас дәрігері - Л. О. Төлеуханова.
2014 жыл. «Текелі қаласының қалалық ауруханасы» атауы "МҚК «Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы» ММ ШЖҚ «Текелі қалалық ауруханасы» МКК" болып өзгертілді.
Текелі қалалық аурухананың ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған © 2022.