Сұрақ - жауап

  • Неліктен әрбір қазақстандық міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысуы керек?

    МӘМС ЖҮЙЕСІНІҢ НЕГІЗГІ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ:

    • Емхананы және дәрігерді еркін таңдау мүмкіндігі, сонымен қатар сақтандыру бойынша жеке меншік медициналық ұйымдарға жүгіну.!!! Осы жерде МӘМС пакеті аясында МӘС қорымен келісім-шартқа отырған таңдалынған медициналық ұйымдарға ғана сақтандыру қорынан көрсетілген қызметтер үшін қаражат төленетінін есте сақтау маңызды.
    • Медициналық көмектің көлемі сақтандырылған тұлғаның кірістері мен жарналарының шамасына байланысты емес;
    • Сақтандыру диагностиканы, емдеуді және қымбат оталарды қамтиды;
    • Қорда фармацевтикалық қызметтерді жеткізуші ретінде тіркелген еліміздің кез келген дәріханасында сақтандырылған азаматтарға ұсынылатын дәрілік заттардың құрамы бойынша кеңейтілген және жақсартылған тізбесіне толық қолжетімділік;
    • Жарналар мен алынған медициналық қызметтер туралы ай сайынғы ақпаратты алу мүмкіндігі;
    • Қазақстандықтардың медициналық қызмет көрсетуге арналған қалта шығындары ТМККК және МӘМС пакеттері шеңберінде көзделген медициналық көмек үшін қосымша төлемдердің барлық түрлерінен босатылу есебінен едәуір төмендетілетін болады;
    • Қор сапасыз қызмет көрсетілген немесе МӘМС қатысушысы ретінде құқықтары бұзылған жағдайда сақтандырылған азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғайды.
    • МӘМС енгізілуімен медициналық қызметтердің сапасы артады. Бұл үшін мынадай шаралар кешені іске асырылатын болады: сапа жөніндегі Біріккен комиссия құру, ҮЕҰ тартуды кеңейтуді қоса алғанда, сапаны басқару саласындағы атқарымдарды қайта бөлу, Қор тарапынан көрсетілген қызметтерге сараптама атқарымын күшейту, медициналық қызметтерді көрсетушілер арасында бәсекелестікті одан әрі дамыту үшін сапаны табиғи түрде арттыруға әкелетін жағдайлар тудыру, сапа индикаторларын қор мен медициналық қызметтерді көрсетушілер арасындағы шарттарға енгізу және оларды қаржыландыру деңгейімен байланыстыру және т. б.

  • Азамат өзінің сақтандырылғанын қалай біле алады?

    МӘМС жүйесіндегі сақтандыру мәртебесін бірнеше тәсілмен тексеруге болады:

    • Telegram @SaqtandyrýBot арқылы – «сақтандырылу мәртебесін анықтау» бөлімінде;
    • Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы – «сақтандырылу мәртебесін тексеру» бөлімінде;
    • Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының сайтында, төменгі оң жақ бұрышта;
    • Еgov.kz электрондық үкімет порталындағы жеке кабинет арқылы.

  • МӘМС жүйесінде қандай қызметтер тегін болады? Оларды қалай пайдалануға болады?

    МӘМС пакетінде «сақтандырылған» мәртебесі бар адамдар үшін медициналық қызметтердің кеңейтілген тізбесі қолжетімді, бұл – біржақты бейінді мамандардың кеңестері, диагностикалық және зертханалық зерттеулер, жоғары технологиялық медициналық қызметтер, оңалту, тәулік бойы, күндізгі стационарлар және тағы басқалар. МӘМС жүйесінде медициналық қызметтерді тіркелу орны бойынша өз емханаңызға жүгіну арқылы пайдалануға болады.

  • ММС қорына мемлекет төлейтін азаматтардың жеңілдікті санатына кім кіреді?

    • -
    • - балалар;
    • - жұмыссыз ретінде тіркелген тұлғалар;
    • - жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;
    • - осы тармақтың 5) тармақшасында көзделген адамдарды қоспағанда, баланы (балаларды) үш жасқа толғанға дейін тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін тұлға (баланың заңды өкілдерінің бірі);
    • - жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты еңбек демалысында жүрген тұлғалар;
    • - мүгедек баланы күтіп-бағуды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін тұлғалар;
    • - бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтімді жүзеге асыратын жұмыс істемейтін тұлға;
    • - зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
    • - қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде (қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жүрген тұлғалар;
    • - қамау орындарындағы тергеудегі адамдар, сондай-ақ үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған жұмыс істемейтін адамдар;
    • - жұмыс істемейтін қандастар;
    • - «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар;
    • - мүгедектер;
    • - - орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан тұлғалар.

    Жұмыс берушілер келесі тұлғалар үшін аударымдарды төлеуден босатылады:

    • - - 1), 5), 7), 11), 12) және 13) тармақшаларда көрсетілген тұлғалар
    • - - әскери қызметшілер
    • - - арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері.