Ата-аналарға арналған ақпарат
Туберкулез әлеуметтік маңызды және аса қауіпті туберкулез микобактерияларынан туындайтын инфекциялық ауру болып табылады. Туберкулезбен бүкіл адам ағзасы: өкпе, бүйрек, лимфа түйіндері, сүйектер, көз, тері, ми зақымданады. Инфекцияның негізгі таралу көзі туберкулезбен ауыратын адам, кейде ірі қара мал, түйе, шошқа, құстар, басқа да жануарлар болуы мүмуін.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) деректері бойынша, жер шары халқының үштен біріне жуығы туберкулез бактериясын жұқтырған. Әлемде жыл сайын 8-10 млн. жаңа туберкулез жағдайы тіркеледі, ал өлім-жітім көрсеткіші 1,5-тен 3 миллионға дейін құрайды, оның ішінде 15 жасқа дейінгі 884 мың балланы қоса алғанда, бұл оның инфекциялық аурулардан болатын өлім-жітім көрсеткіші бойынша бастапқы орында екенін көрсетеді. Туберкулез қоздырғышының дәріге төзімді штаммдарының тез таралуы туберкулезді емделмейтін ауруға айналу қаупін жоғарлатады.
Туберкулезді қалай жұқтыруға болады?
Туберкулезді кез келген адам жұқтыруы мүмкін. Жұқтыру жолдары:
- ауа арқылы - (аэрогенді, ауа-тамшылы жол) немесе өкпе туберкулезімен ауыратын науқаспен ортақ ыдысты, дәретхана керек-жарақтарын және т.б. тұрмыстық заттарды пайдаланған кезде, сирек жағдайда тамақ арқылы (алиментарлық жол).
- туберкулезбен ауыратын ірі қара малдың сүт өнімдерін пайдалану кезінде.
- жүкті әйелдердегі туберкулезден ұрықтың құрсақішілік инфекциясы (өте сирек).
Жаңадан анықталған науқастардың шамамен 50%-ы сөйлесу, жөтелу және түшкіру арқылы туберкулез қоздырғышын қоршаған ортаға таратады. Қақырықтың ұсақ бөлшектері бар аэрозоль ұзақ уақыт бойы ауада болып, балалар мен ересектерді жұқтыру көзі болып табылады. Жұқтырған адам емделмеген жағдайда, ол жылына 10-15 адамға жұқтыруы мүмкін.
Туберкулездің негізгі белгілері мен белгілері:
Балалардағы туберкулезді алдын алудың маңызды шарттарының бірі:
- туберкулезге қарсы егу (БЦЖ вакцинасы).
- ауру адамдармен қатынасты уақытылы тоқтату.
Есте сақтаңыз! Балаңызға туберкулезге қарсы екпеден бас тарту, іс жүзінде, осы инфекциядан қорғау құқығынан бас тартқанмен бірдей. Балаңызды дені сау болу құқығынан айырмаңыз!
Сондай-ақ организмнің қорғаныш күштерін арттыратын іс-шаралар кешенін орындау маңызды. Созылмалы жұқпалы ауру ошақтарын санациялау, дұрыс толыққанды тамақтану, еңбек пен демалыстың ұтымды режимі, зиянды әдеттерден бас тарту, шынығу, дене шынықтырумен айналысу, тұрғын үй және өндірістік ортаны сауықтыру бойынша іс-шаралар жүргізу (шамадан тыс адам шоғырлануын және шаңдануды азайту, желдетуді жақсарту, дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып үй- жай орындарын ылғалды жинап тазалау және т.б.).
Информация для родителей
Туберкулез является социально значимым и особо опасным инфекционным заболеванием, вызываемое микобактериями туберкулеза. Поражается туберкулезом весь организм: легкие, почки, лимфатические узлы, кости, глаза, кожа, головной мозг. Основным источником распространения инфекции является больной туберкулезом человек, реже крупнорогатый скот, верблюды, свиньи, птицы, другие животные.
По данным Всемирной организации здравоохранения, одна треть населения планеты инфицирована туберкулезом. В мире ежегодно регистрируется 8- 10 млн. новых случаев туберкулеза, а смертность составляет от 1,5 до 3 миллион, что делает его одной из ведущих инфекционных причин смерти, включая 884 тыс. детей в возрасте до 15 лет. Быстрое распространение лекарственно-устойчивых штаммов возбудителя туберкулеза грозит превратить туберкулез в неизлечимое заболевание.
Как можно заразиться туберкулезом?
Заразиться туберкулезом может практически любой человек. Заражение происходит:
- через воздух - (аэрогенный, воздушно-капельный путь) или предметы обихода при пользовании общей с больным туберкулезом легких посудой, туалетными принадлежностями и т.д., реже через пищу (алиментарный путь).
- при употреблении молочных продуктов от больного туберкулезом крупнорогатого скота.
- внутриутробное заражение плода (крайне редко) при туберкулезе у беременных.
Около 50% впервые выявленных больных выделяют возбудителя туберкулеза в окружающую среду при разговоре, кашле, чихании. Аэрозоль с мельчайшими частицами мокроты в течение длительного времени может находиться в воздухе и являться источником заражения детей и взрослых. Если больной человек не лечится, он может за год инфицировать 10 – 15 человек.
Основные симптомы и признаки туберкулеза:
Одним из важных условий профилактики туберкулеза у детей является:
- прививка от туберкулеза (вакцина БЦЖ).
- своевременное исключение контакта с больными людьми.
Помните! Отказ от проведения прививки от туберкулеза своему ребенку означает, фактически, отказ последнему в праве стать защищенным от этой инфекции. Не лишайте своего ребенка права быть здоровым!
Важно также выполнять комплекс мероприятий, повышающих защитные силы организма. Санация хронических очагов инфекции, правильное полноценное питание, рациональный режим труда и отдыха, отказ от вредных привычек, закаливание, занятие физкультурой, проведение мероприятий, по оздоровлению жилищной и производственной среды (снижение скученности и запыленности, улучшение вентиляции, влажная уборка с использованием дезинфицирующих средств и т.д.).
Инфографикалар келесі тақырып бойынша ұсынылған: жол-көлік жарақаты; қыста жарақаттан қорғау; абайсызда улану; күйік; биіктіктен құлау; суға бату; лудомания; темекі шегу; физикалық белсенділік; дұрыс тамақтану; психоактивті заттарды тұтыну; алкогольді тұтыну; энергетикалық сусындар; жастардың денсаулық орталықтары; инсульт; инфаркт; электронды темекі; буллинг және кибербуллинг; насвайдың зияны; қант диабеті; қоршаған ортаның денсаулыққа әсері; кальян; ӨСОА; онкология; скрининг; қант қосылған сусындардың зияны; дұрыс тамақтану; транс майларды алып тастау; гипертония; қантты шамадан тыс тұтыну; тұзды шамадан тыс тұтыну.
Текелі қалалық аурухананың ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған © 2022.