Хирургическое отделение

Бошаков Нуртас Ниязбекович

Бошаков Нуртас Ниязбекович

Лауазымы: Хирург-дәрігер, бөлімше меңгерушісі

Жұмыс өтілі: Медициналық 8 ж.

Білімі: Жоғары

Мамандығы: Хирург дәрігер, травматолог ортопед дәрігер, хирург уролог дәрігер

Мақсаты, міндеттері мен атқарымдары

Негізгі міндеттері:

  • ТМККК шеңберінде жоспарлы және шұғыл сипаттағы медициналық көмекті қажетсінетін хирургиялық науқастарды тәулік бойы емдеу және бақылау;
  • Зертханалық және аспаптық диагностика және басқа аурулармен дифференциалды диагностика жүргізу;
  • Диагностиканың заманауи әдістері арқылы хирургиялық ауруларды ерте диагностикалау;
  • Оталық араласуларды орындау;
  • сараптама комиссиясының хаттамасына сәйкес хирургиялық аурулармен сырқаттанған және жарақатты науқастарды емдеу;
  • Тәулік бойы медициналық бақылауды қажетсінбейтін емделушілерге стационарды алмастыратын көмек көрсету;
  • Тәулік бойы медициналық бақылауды қажетсінбейтін емделушілерге стационарды алмастыратын көмек көрсету;
  • Есепке алу және есеп беру құжаттамасын жүргізу, белгіленген тәртіппен қызмет туралы есептерді ұсыну;
  • Хирургиялық аурулардың уақытша еңбекке жарамсыздығын сараптауды жүзеге асыру.
  • Негізгі міндеттерге сәйкес бөлімшенің медициналық қызметкерлер құрамы:

    Келесі хирургиялық аурулары бар науқастарға диагностикалық, емдік және профилактикалық көмек көрсетеді:

    • - жіті ішек өтімсіздігі
    • - жедел аппендицит
    • - перфорациялық асқазан жарасы
    • - он екі елі ішектің перфорациялық жарасы
    • - ұйқы безі (панкреонекроз)
    • - ӨТА. Калькулезді холецистит (шұғыл, жоспарлы оталық араласу)
    • - лапараскопиялық холецистэктомия
    • - іріңді патологияны ота арқылы емдеу
    • - іштің алдыңғы қабырғасының жарықтарына ота жасау
    • - диагностикалық лапаротомия
    • - урологиялық оталар (варикоцеле, гидроцеле, шәует бауының кистасы, крипторхидизм, цистостомия, аденомэктомия, қуық тастарын алып тастау, фимоз, парафимоз)
    • - травматологиялық оталар (бұғана, білек, қолдың буыны, мықын, тізе тобығы, жіліншік, табан остеосинтезі), тізе жамбас буындарын эндопротездеу.

    Травматологиялық пациенттерге оңалту көмегін көрсету.

    Емделушілер мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ауруханаішілік инфекция таралуының алдын алу үшін санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шараларды орындау.

    Науқастарды диагностикалау, емдеу және оңалтудың жаңа тиімді әдістерін жүйелі түрде игеру және енгізу.

    Хирургиялық аурулардың алдын алу, диагностикалау және емдеу.

    Миссиясы:

    Денсаулық, үміт және ұзақ өмір сыйлау.

    Болжамы:

    Текелі қаласында мемлекет пен адам арасындағы денсаулық сақтау үшін ортақ жауапкершілік ұстанымына негізделген, азаматтардың денсаулығын жақсартуға бағытталған МСАК-ты басым дамыту қағидаттарына негізделген медициналық көмек көрсетудің тиімді жүйесін құру.

    Ценности

    Главная ценность - здоровье человека.

    Главный принцип - пациент в центре внимания

    Общие ценности:

  • Милосердие;
  • Уважение достоинства личности и прав человека;
  • Профессионализм - постоянная работа по самоусов cершенствованию и улучшению профессиональных знаний;
  • Внедрение инновационных технологий и современных методов диагностики и лечения;
  • Коллегиальность, работа в команде - солидарная ответственность за конечные результаты деятельности;
  • Высокая профессиональная этика;
  • Қамтылуы

    Лауазым атауы Лауазым саны Т.А.Ә.
    Бөлімше меңгерушісі 1,0 Бошаков Нуртас Ниязбекович
    Аға медбике 1,0 Эккель Людмила Юрьевна
    Палаталық медбике 4,0 Тутеева Мадина Ибраиевна, Оразшаев Нұрсейіт Таңатарұлы, Сейтхан Айгерім Мырзахметовна, Коппаева Салтанат Султановна
    Таңу медбикесі 1,0 Сысуева Кристина Константиновна
    Оталық медбике 4,0 Сатвалдинова Елена Жекеновна, Жанқул Раушан Әділханқызы, Куликова Ирина Владимировна, Укубай Нургуль Аханқызы
    Күндізгі оталық медбике 1,0 Сабырова Үкілім Берікқызы
    Шаруагер бике 1,0 Вайнерт Светлана Валентиновна
    Санитар буфетші 1,0 Сейтказинова Гулмира Тлеубековна
    Күндізгі санитар 1,0 Аманбаева Алина Сергеевна
    Бекет санитары 3,0 Гусева Галина Петровна, Нуркенова Карлыгаш Аскаровна, Гончарова Галина Николаевна

    Балалар бөлімшесінің қамтылу стандарты

    Атауы Саны, дана
    Лапароскопиялық тіреу 4
    Ота үстелі 3
    Өкпені жасанды желдету аппараты 1
    Наркозды-тыныс алу аппараты 1
    Емделуші мониторы 1

    Тарихы

    Хирургия бөлімінде келесі жетекші мамандар жұмыс істеді:

    Милштейн Марк Кельманович хирург-дәрігер (бөлім меңгерушісі). П дәрежелі Отан соғысы Ордені, Германияны жеңгені үшін, «Жеңіске - 60 жыл» мерейтойлық медалі, Украина үшін шайқастарға қатысқаны үшін төсбелгі, Денсаулық сақтау саласының үздігі, 2000 жылғы «Ерен еңбегі үшін» медалі. Елгезек, бауырмал, қайырымды. Әріптестерінің, барлық медициналық қызметкерлердің және қала тұрғындарының арасында үлкен беделге ие болды.

    Кан Олег Станиславович. 1951 жылы туған - жалпы хирург дәрігері, уролог-хирург дәрігер, бас дәрігер (директор). 1992 жылдың 18 мамырынан облыстық денсаулық сақтау бөлімінің 18.05.1992 жылғы № 202 бұйрығымен Текелі қаласы орталық ауруханасының бас дәрігері болып тағайындалды. Қалалық мәслихаттың I-ІІ шақырылымдарының депутаты, Қазақстан Республикасының дәрігерлері мен провизорларының II съезінің делегаты, «ОТАН» партиясының қалалық ұйымы Саяси кеңесінің мүшесі, қалалық сайлау комиссиясының төрағасы, «Қазақстан кәрістері қауымдастығы» Алматы облыстық филиалының басқарма мүшесі - Текелі қаласының корей мәдени орталығының төрағасы. 2001 жылы «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен, 2005 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне - 10 жыл» мерейтойлық медалімен, 2005 жылы «Шапағат» медалімен марапатталған.

    Бакиев Абдрахман Жаканович - балалар хирург-дәрігері (бөлім меңгерушісі)

    Калябин Кяшаф Зарифович - жалпы хирург-дәрігер (бөлімше меңгерушісі)

    Агзамов Фарид Машурович - хирург-травматолог ортопед дәрігері

    Кан Евгений Валентинович - жалпы хирург- дәрігер (бөлім меңгерушісі). "Қазақстан кәрістері қауымдастығы" Алматы облыстық филиалының басқарма мүшесі, Текелі қаласының корей этномәдени орталығының төрағасы,Текелі қалалық мәслихатының III, IV, V шақырылымдарының депутаты.

    Бошақов Нұртас Ниязбекұлы 1983 жылы туған, хирург- дәрігер (меңгеруші), травматолог-ортопед дәрігер, хирург-уролог дәрігер. Семей мемлекеттік медицина академиясын 2006 жылы емдеу ісі мамандығы бойынша бітірген. Тіл табысқыш, әдепті, биязы, байсалды, қойылған міндеттерді орындауға шығармашылық көзқарасын таныта алады, ұжымда жұмыс істей біледі. Білікті маман, жоғары санатты дәрігер.

    Төсек саны / Басқа ақпарат

    Хирургическиялық бөлімшеде 25 төсек (оның ішінде 10 төсек травматологиялық, ересектерге арналған)

    Қабылдау сағаттары

    08:00-20:00

    Ақпарат 25.05.2022 ж. ұсынылды.