Мақсаттары, міндеттері мен атқарымдары
Жұқпалы аурулар бөлімшесінің стационарын ұйымдастырудың мақсаты диагностика мен емдеудің бекітілген хаттамаларына қатаң сәйкестікте сапалы медициналық қызмет көрсету болып табылады.
Инфекциялық бөлімшенің ұйымдастырылуы мен жұмысының негізгі міндеттері:
емделушілердің сауығуын тездетуге немесе денсаулық жағдайын жақсартуға бағытталған емдік іс-шаралар жүргізу;
ТМККК және МӘМС шеңберінде жоспарлы және шұғыл сипаттағы медициналық көмекті қажетсінетін инфекциялық науқастарды тәулік бойы емдеу және бақылау;
емделушілерді диагностикалау және емдеу мәселелерінде стационардың басқа бөлімшелерінің дәрігерлеріне кеңестік көмек көрсету;
тіркеу және есептік құжаттаманы жүргізу, белгіленген тәртіппен қызмет туралы есептерді ұсыну.
Инфекциялық бөлімше негізгі мақсатын жүзеге асыру барысында келесі міндеттерді орындайды:
- соблюдение санитарных норм и правил эксплуатации медицинского и иного оборудования дневного стационара, требований санитарно-гигиенического и противоэпидемического режима, требований по охране труда и технике безопасности;
- дипломнан кейінгі даярлық мекемелерінде, облыстық ЕАМ-дағы жұмыс орындарында және жұмыс орны бойынша медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттыру, оларды аттестаттауды, сертификаттауды қамтамасыз ету;
- қызметкерлер құрамының ағымдағы қызметін бақылау, бөлімшенің жұмысын жоспарлау, түпкілікті нәтижелер моделінің көрсетілімдерін әзірлеу және орындауды бағалау, бөлімшеде емдеу-диагностикалық үдерістің сапасын басқару жүйесін ұйымдастыру;
- диагностика мен емдеуге инновациялық технологиялар мен заманауи әдістерді енгізу; алқаластық, топтаса жұмыс істеу – қызметтің түпкі нәтижелері үшін ортақ жауапкершілік.
Бөлімшенің қызметін қамтамасыз ету:
- - еңбекке ақы төлеу, еңбек көлемін, сапасын ескере отырып, қызметкерлерді материалдық ынталандыру;
- - емделушінің құқықтарын қорғауды, медициналық этика және деонтология нормаларын, дәрігерлік құпияны, пациенттер үшін қауіпсіз емдеу мен диагностика жағдайларын сақтауды қамтамасыз ету;
- - есепке алу-есеп беру құжаттамасын жүргізу, статистикалық есептер мен жедел ақпаратты дұрыс және уақытылы ұсыну.
Инфекциялық бөлімшенің атқарымдары:
медициналық қызметтердің сапасын арттыруға және емделушілерге көрсетілетін медициналық көмекке қанағаттануына тиімді стационарлық көмек бағыттау;
инфекциялық ауруларды диагностикалаудың, емдеудің заманауи әдістерін іс-тәжірибеге енгізу;
есепке алу және есеп беру құжаттамаларын жүргізу, заңнамада көзделген қызмет туралы есептерді белгіленген тәртіппен ұсыну;
орта медициналық білімі бар дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша іс-шараларды өткізуге қатысу.
Құндылықтары
Басты құндылық – адам денсаулығы.
Негізгі қағида: емделуші – басты назарда.
Жеке тұлғаның қадір-қасиетін және адам құқықтарын құрметтеу.
Кәсіпқойлық – өзін-өзі жетілдіру және кәсіби білімді жақсарту бойынша тұрақты жұмыс жүргізу.
Жоғары кәсіби қызмет әдебі
Қамтылуы
Лауазымның атауы |
Лауазым саны |
ТАӘ |
Инфекциялық бөлімшенің меңгерушісі |
1,0 |
Иниятов Габит Калдыбаевич |
Жоғары санатты педиатр - неонатолог дәрігер |
1,0 |
Сидоранова Виктория Викторовна |
Аға медбике |
1,0 |
Демеуова Еркен Рымтаевна |
Бекет медбикесі |
4,0 |
Демеуова Еркен Рымтаевна Абеу Ботагоз Абдикаримовна Маджитова Зульфия Расимовна Турганбаева Нургль Кужамкуловна
|
Шаруагер бике |
1,0 |
Исаева Бибигуль Куспековна |
Санитар |
4,0 |
Нурдаутова Жанар Мейрамбековна Оразалинова Гульмира Касымхановна Оразалинова Галия Жанбырбаевна
|
Буфетші |
1,0 |
Щепеткова Кристина Николаевна |
Тарихы
Текелі қалалық ауруханасының инфекциялық бөлімшесі 1956 жылы салынған, жалпы ауданы 413,7 ш. м. бір қабатты ғимаратта орналасқан.
Қызметкерлер құрамы
Балалардың жұқпалы аурулар дәрігері
Фотосуреттер
Төсек саны / Басқа ақпарат
Бөлімшеде қарқынды терапия палатасы, 4 бокс палатасы және инфекциялық пациенттер ағыны ұлғайған жағдайда 3 қосымша кіру есігі бар. Жобалық қуаттылығы 20 төсекке есептелген: 15 бала және 5 ересек адам. Текелі қаласы мен Рудничный кентінің тұрғындарына, жалпы саны 32834 адамға қызмет көрсетеді.
Қабылдау сағаттары
Тәулік бойы
Ақпарат 18.05.2022 ж. ұсынылды.