Мақсаты, міндеттері мен атқарымдары
Негізгі міндеттері:
Ота, диагностикалық және емдік шаралар, босану кезінде анестезияны дайындау және жүргізу бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асыру;
Ауру, жарақат, оталық араласу және басқа да себеп салдарынан туындаған емделушілердің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету жүйелерін қалпына келтіру және қолдау жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыру;
Емдеу-алдын алу ұйымдарының медициналық қызметкерлердің теориялық білім деңгейін арттыру және реанимациялық көмектің әс-тәжірибелік дағдыларына үйрету.
Емдеу-алдын алу ұйымдарының медициналық қызметкерлердің теориялық білім деңгейін арттыру және реанимациялық көмектің әс-тәжірибелік дағдыларына үйрету:
анестезия әдісін анықтайды, отаға дейінгі дәрі-дәрмекпен дайындық жүргізеді және оталар, диагностикалық және емдік шаралар, босану барысында, сондай-ақ қарқынды терапияның детоксикация әдістерін қолданған кезде анестезия жүргізеді;
өмірлік маңызы бар органдардың қызметі тұрақталғанға дейін операциядан кейінгі ояту палаталарында наркоздан кейінгі кезеңде науқастардың жай-күйін бақылауды жүзеге асырады;
анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде науқастарды одан әрі емдеу үшін көрсетілімдерді белгілейді, жақын тәуліктерге емдеу және тексеру бойынша ұсынымдармен өмірлік маңызды органдардың қызметі тұрақтанғаннан кейін науқастарды стационардың бейінді бөлімшелеріне ауыстырады;
реанимация және қарқынды терапия палаталарындағы науқастарға көрсетілімдер бойынша реанимация және қарқынды терапия жүргізеді, оның ішінде экстракорпоралдық детоксикация және гипербарикалық оксигенация әдістерін қолданады;
көрсетілімдер бойынша басқа бөлімшелердегі науқастарды реанимация жүргізеді;
басқа бөлімшелермен жұмыста өзара байланыс пен сабақтастықты жүзеге асырады;
практикалық анестезиология және реаниматология мәселелері бойынша басқа бөлімшелердің дәрігерлеріне кеңес береді;
анестезиология және реаниматология мәселелері бойынша клиникалық конференциялар ұйымдастырады және өткізеді.
Құндылықтары
Басты құндылық – адам денсаулығы.
Негізгі қағида: емделуші – басты назарда
Жалпы құндылықтары:
Мейірімділік;
Жеке тұлғаның қадір-қасиетін және адам құқықтарын құрметтеу;
Кәсіпқойлық – өзін-өзі жетілдіру және кәсіби білімді жақсарту бойына тұрақты жұмыс жүргізу;
Инновационных технологияларды және диагностика мен емдеудің заманауи әдістерін енгізу;
Алқаластық, командада жұмыс істеу – қызметтің түпкілікті нәтижелері үшін ортақ жауапкершілік;
Жоғары кәсіби қызмет әдебі;
Қамтылуы
| Лауазым атауы |
Лауазым саны |
ТАӘ |
| Бөлімше меңгерушісі |
1,0 |
Азанов Вадим Николаевич |
| Аға медбике |
1,0 |
Эккель Людмила Юрьевна |
| Анестезиолог |
3,0 |
Епанченко А.Н. Галиулина И.Ф. Нурлыбекова С.С. |
| Мейіргер |
3,0 |
Нурмуратов С. Киябеков Б.Б. Мадегали Ж. |
| Медбике |
1,0 |
Мухамадиева Б.М. |
| Санитар |
3,0 |
Сыбанбаева С.С. Артющенко О.С. Садыкова А. |
Реанимация және қарқынды терапия палаталары және анестезиология бөлімшесінің операциядан кейінгі ояту палаталары келесі медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілген:
| Атауы |
Саны, дана |
| АРҚТБ палаталарындағы әрбір төсекке 1-ден өкпені жасанды желдету аппараттары |
6 |
| АРҚТБ палаталарындағы әрбір төсекке 1-ден мониторлар |
6 |
| Дефебриляторлар |
6 |
| Жоғары ағынды оттегі ылғалдандырғышы |
6 |
| ҚСК аппараты |
6 |
| АРҚТБ палаталарындағы әрбір төсекке 1-ден перфузор (шприц сорғысы) |
6 |
Тарихы
Реанимация бөлімшесі ШЖҚ "Текелі қалалық ауруханасы" МКК құрылымдық бөлімшесі болып табылады, 1993 жылы құрылған. Бөлімшеде келесі жетекші мамандар жұмыс істеді: Ярков В. Г. (реаниматолог-анестезиолог дәрігер), Дуркумбекова Г. А. (анестезист медбике), Клевакова З. Г. (анестезист медбике)
Төсек саны / Басқа ақпарат
Анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесі тәулік бойы стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының құрамында ұйымдастырылады. Анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесі 6 төсекке есептелген.
Қабылдау сағаттары
Тәулік бойы
Ақпарат 25.05.2022 ж. ұсынылды.